Компания туралы
15 жылдық тәжірибемізді 2013 жылы Түркияның Адана қаласында құрылған Metro Teknik İnşaat İklimlendirme ve Mekanik Ltd. компаниясында жалғастырдық. Климаттық жабдықтар мен механикалық инженерлік жүйелер саласында заманауи техника мен технологияларды қолдана отырып, жобалау және мердігерлік қызметтерді кәсіби деңгейде көрсету үшін құрылған компаниямыз тәжірибелі әрі білікті мамандарының арқасында сапаға нұқсан келтірмей, салада маңызды жобаларды жүзеге асырды.
Компания жылыту мен салқындату, желдету, өрттен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру сияқты механикалық жүйелер бойынша техникалық-экономикалық негіздеме, кеңес беру, материалдар жеткізу, монтаждау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету салаларында нормативтік талаптарға сәйкес, халықаралық стандарттар мен технологиялық жетістіктерді басшылыққа ала отырып, жоғары сапалы әрі тиімді қызмет көрсетеді. Жұмыстың барлық кезеңдерінде жүйелерді тапсырыс берушінің талаптарына сай, инвестиция мен пайдалану шығындарының оңтайлы деңгейін ескере отырып таңдауды мақсат тұтқан METRO TEKNİK салада инвесторлар үшін шешім ұсынатын серіктес ретінде өз орнын алды.
Біздің мақсатымыз — қоршаған орта мен энергияны тиімді пайдалануға жауапкершілікпен қарап, дамып келе жатқан технологияларды басшылыққа ала отырып, қажетті қызметті көрсету және тиімді жүйелер орнату.
Халықаралық жобаларға қатысу арқылы жинақталған тәжірибеміздің арқасында дұрыс жобалық шешімдер мен сапалы орындалған жұмысқа негізделген тапсырыс берушілердің қанағаттануын басты мақсат етіп қойдық.
Компаниямыздың мақсаты — Түркияда, Қазақстанда, түркі республикаларында, Ресейде және Таяу Шығыс елдерінде өнеркәсіптік, тұрғын үй және әлеуметтік нысандарда стандарттарға сай, табиғатқа ұқыпты қарайтын, тіршілік ортасында денсаулыққа қолайлы жайлы жағдай жасайтын климаттық және механикалық инженерлік жүйелерді орнату.
Біз аяқтаған жобаларда орнатылған барлық климаттық және механикалық инженерлік жүйелердің пайдалану жағдайлары мен өнімділік сынақтары тұрақты түрде тексеріледі. Жүйелердің жобалық шарттарда ұсынылған баптау мәндеріне және болжанған энергия шығынына сәйкес барынша тиімді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар тапсырыс берушінің қалауы бойынша оның пайдалану қызметкерлеріне қажетті оқыту жүргізіледі.